ҚР Сыртқы істер министрлігінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» VI халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: СІМ баспасөз қызметі
ҚР Сыртқы істер министрлігінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» VI халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды ҚР СІМ және Қазақстан бас редакторлар клубы ұйымдастырды. Шара осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. Биылғы конкурс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Байқау аясында қазылар алқасы әлемнің 40-қа жуық елінің 60 журналисінің жұмысын қарады. Материалдар Қазақстанға қатысты экономика, саясат, халықаралық қатынастар, тарих, мәдениет, туризм, денсаулық сақтау, спорт, ядролық қарусыздану, жаңартылмалы энергия көздері сияқты ауқымды тақырыптарға, сондай-ақ қазақ халқының көрнекті тұлғалары – Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасына арналды. Байқауға қатысушылардың материалы шетелдік газеттерде, журналдарда, интернет-басылымдарда және танымал интернет платформаларында жарияланды.
Қазылар алқасының шешімімен 6 шетелдік журналист жеңімпаз атанды. Олар – «Республика», «Литвалық курьер» апталық басылымдардың және «Эхо Литва» газетінің бас редакторы Н.Жуков (Литва), «Finančné Noviny» басылымының бас редакторы В.Бачишин (Словакия), Пәкістанның жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығының аймақтық сарапшысы, доктор М.ул-Хасан Хан (Пәкістан), Канаданың эмиграция және мультикультурализм мәселелері жөніндегі бұрынғы министрі Т.Рупрехт (Канада), «BCI Медиа» компаниясының коммерциялық продюсері И.Черней-Келнер (Канада), және «MNB» телеарнасының тілшісі Ц.Бат-Эрдэнэ (Монғолия).
Марапаттау рәсіміне ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев, Қазақстан бас редакторлары клубының президенті Бибігүл Жексенбай, Нұр-Сұлтан қаласында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың және жетекші қазақстандық БАҚ өкілдері қатысты.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев жеңімпаздарды құттықтай отырып, байқаудың қатысушыларына алғыс білдірді. Олардың саны жылдан жылға артып келе жатқанын, өтінімдер географиясының кеңейгенін, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың артқанын атап өтті. Е.Әлімбаев Сыртқы істер министрлігінің коронавирус пандемиясына байланысты шектеулерді сақтай отырып, мазмұнды бағдарлама ұйымдастырғанын, оның аясында байқау жеңімпаздары Қазақстан, оның қазіргі дамуы мен 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері туралы толығырақ білуге, халқымыздың қонақжайлылығын сезінуге мүмкіндік алатынын айтты.
Өз кезегінде, шетелдік журналистер байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтып, Қазақстаннан алған әсерлерімен бөлісті.
Байқау жеңімпаздары Қазақстанға саяхат турына қатысуға, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Түркістан және Алматы қалаларына, сондай-ақ Бурабай демалыс аймағына баруға мүмкіндік алды.
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар