23 Қаңтар, 2014

Қиқулаған құсбегі мен қыран

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IMG 4256Қазақтың қайта түлеуінің бір көрінісі осы құсбегілік өнерді жаңғыртуы еді. Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан бұған көп қолдау көрсетілуде. Тіпті, ұлттық өнеріміз халықаралық дәрежеде де сан мәрте ұлықталды.

 

Қазақтың қайта түлеуінің бір көрінісі осы құсбегілік өнерді жаңғыртуы еді. Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан бұған көп қолдау көрсетілуде. Тіпті, ұлттық өнеріміз халықаралық дәрежеде де сан мәрте ұлықталды.

IMG 4256

IMG 4208

Міне, осы игі бастаманың жалғасы ретінде, өткен аптада республикалық Жас құсбегілер жарысы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі елді мекенінде өтті. Жарысқа жеті облыстан он алты бүркітші қатысып, бақтарын сынады.

Бүркітшілер үш кезең бойынша жарысты. Бірінші – құсын қолға шақыру үдерісін көрсетсе, екінші – қырандарды қоянға салу жарысы өрістеді. Үшінші сынақта жарысқа құс әкелгендер қасқыр аулау үстінде шеберліктерін байқатты. Сөйтіп, жалпы есепте ешкімге дес бермеген Алматы облысынан келген құсбегі Алмас Сейітжан өзінің «Ақбалақ» атты бүркітімен бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Ақмола облысының бапкері Шыңғыс Уәлихановқа бұйырды. Үшінші орын Астана қаласынан барған Нұрлан Баянбектің «Тұй­ғынының» еншісіне тиді. Төрттікті Жамбыл өңірінің намысын қорғаған Бағдәулет Бабажан мен астаналық Еркебұлан Баясхан қорытындылады. Иә, қиқулаған құсбегі мен қалықтаған қыран жарысы осылайша мәреге жетті.

«Егемен-ақпарат».

IMG 3994

Суреттерді

түсірген

Алтынбек

ҚАРТАБАЙ.