Құжатқа сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында келесі жағдайларда штаттық форматта оқытуды қамтамасыз ету қажет:
- Педагогтер мен персоналды 100% вакцинациялау (сауыққаннан кейін 3 ай ішінде Сovid-19-бен ауырған тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды;
- Ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алушыларды QR-код (check-іn) бойынша тіркеу);
- Бетперде режимін сақтау;
- Рециркуляторларды, санитайзерлерді, тері антисептиктерін, дезинфекциялау және жуу құралдарын жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
- Үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
- Үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуге, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
- Бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салу;
- Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
- Зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, оқытудың кабинеттік жүйесін жою;
- Асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейту.