Аймақтар • 26 Тамыз, 2021

Атырауда балалар алаңы өртенді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында ауылдағы балалар алаңы өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда балалар алаңы өртенді

Өрт 25 тамызда Жылыой ауданындағы Жаңақаратон кентінде болған. Тұрғындардың айтуынша, балалар алаңы 2019 жылы пайдалануға берілген.

«Жаңақаратон кентінде орналасқан балалар ойын алаңының өртенуіне байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір өрттен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар