Бірнеше сағаттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған қызды тапты, ол «ЮРТА ПАРК» отбасылық демалыс саябағында болған. Белгілі болғандай, күндіз қыз ата-анасының жоқтығын пайдаланып, үйден шығып, автобуспен саябаққа жетіп, күні бойы сонда болған.
Табылған бала ата-анасына тапсырылды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналардан бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды, балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізуді және өз балаларының орналасқан жерін бақылауды сұрайды.