Конференцияға ҚР Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы Динара Сәдуақасова, өңірлік жастар ұйымдарының өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Спикерлер БАҚ пен сарапшыларды интернет-тәуелділіктің және жастар мен балалар арасындағы құмар ойындардың алдын алу саласындағы халықаралық заңнаманы талдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар кибербуллинг, онлайн-тәуелділікті және құмар ойындарға тәуелділікті анықтау мақсатында фокус-топтардың кездесулері өткенін мәлімдеді. Осы мақсатта құрылған Telegram-арналардың жұмысы туралы хабардар етті.
Жобаны іске асыру кезеңінде 17 өңірден бір мыңнан астам жас интернет-тәуелділіктің, кибербуллингтің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша оқытудан өтті.
Жоба қорытындысы бойынша осы саладағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру туралы нақты ұсыныстар әзірленіп, талдамалық баяндама дайындау жоспарланған.
Жоба жаңалықтарын «Жас Ұлан» ұйымының Facebook – ReStart және Instagram – restart_social әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан білуге болады
Айта кетейік, жоба ҚР жастарын қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асып жатыр.