Президент • 26 Тамыз, 2021

Әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – Президент

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыс туралы пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – Президент

«Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер министрінің орынбасарлары Жамбыл облысына ұшып кетті. Жақын ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер зардап шекті»,  деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейтінін мәлімдеді.

«Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол қатынасы уақытша тоқтатылды», деп толықтырды Президент.

Соңғы жаңалықтар