Лауазымды тұлғалар оқиға орнын аралайды.
Инженерлік оқ-дәрілердің жанып жатқанын өрттің динамикасынан байқауға болады.
Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін.
Аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуіне байланысты болуы да ықтимал.
«Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі апарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ», делінген Қорғаныс минситрлігі таратқан хабарламада.