«Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда», деп жазды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев фейсбукте.
Оның сөзінше, зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізілген. Қазіргі таңда медициналық көмек көрсетілуде.
Сондай-ақ ол Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылданып жатқанын жеткізді.