Ақиқатында, көркемөнер адам таңдамайды, ешкімді алаламайды. Өнерге әркім әртүрлі жолмен келеді. Біреулер талантын шыңдап, өнерге қызығушылықпен аяқ басады: қалағанынша еркін айналысады. Енді біреулер әлемге деген іштегі қарсылығын өнер арқылы көрсеткісі келеді. Жанкештілікпен айналысады. Мұндай тағдырлы жандардың қатары көп емес. Әлқисса.

Кәріпбек Күйіков қос қолсыз өмір сүрсе де қаншама жанның қабырғасын қайыстырған ауыр қайғының салмағын кенеп бетінде суреттеді. Ол картиналарының тақырыбын табиғаттан іздеді. Алайда қазақ топырағын дүр сілкіндірген ядролық сынақтың салдары оның болашаққа деген үмітіне мәңгілік қаяу түсірді.
Суретші 1947-1991 жылдар аралығында 490 дүркін атом бомбасы (26 дүркін жер бетінде, 87 дүркін атмосферада, 354 дүркін жер астында) жарылып, сынақ жүргізілген Семей ядролық полигонына іргелес Егіндібұлақ ауылында туған. Зұлмат зардабының құрбаны болған Кәріпбек Күйіков бұл тақырыпты шығармашылығының өзегіне айналдырды. Мәселен, «Алғашқы жарылыс» туындысында ол күйіп кеткен даланың ортасында көкке қарай көтерілген ядролық саңырауқұлақты бейнелейді.
– Бала кезімде жарылыстан үйдегі аспалы шамдар қозғалып, ыдыс-аяқ сылдырлайтын. Бәріміз далаға атып шығатынбыз. Бізге радио хабарлама арқылы «ешқандай радиацияның тарамағаны» туралы айтатын. Сөйтсек, олай болмапты, мен туған ауыл 40 жыл радиация уын жұтыпты. Көптеген отбасында мүгедек балалар дүниеге келді. Соның бір куәсі менмін. Сондықтан өмірімді осы мәселеге арнадым, – дейді К.Күйіков.
Тумыстан екі қолсыз, белі бүкіштеніп дүниеге келген ол қаршадайынан Алматы мен Ленинградтың ортопедиялық институттарының зерттейтін әрі протез сынайтын объектісіне айналған. Мүгедек балаларға арналған арнайы мектеп интернатта оқыды. Сонда жүріп, бояулы қарындаштарды алғаш көргеннан-ақ суретші болуды армандапты, бар ниетімен ұмтылыпты. Оның қылқаламды башпайына қыстырып салған суреттеріне кейін жұрт қызыға бастайды. Алайда мольберт алдында ұзақ отыру белін одан әрі бүкірейтетін болған соң дәрігерлер оған аяғымен сурет салуға тыйым салған. Қайсар мінезді Кәріпбек алдағы уақытта қылқаламды аузына тістеп алып, тісімен сурет салуға машықтанады. Қандай қажыр, неткен төзім, не қылған өмірге, өнерге деген құштарлық...
Суретші «Бесіктегі қолсыз сәби», «Күннің тұтылуы», «Ядролық тұман», «Арал тағдыры» сияқты суреттеріне қарап тұрып: «Мен таңдаған тақырып бұл емес еді. Алайда қайғы-қасірет жұтқан даланың зарын қаламыма арқау етуге мәжбүр болдым», дейді. Осындай жанкештілікпен 200-ден астам сурет салыпты. Галереясындағы белгілі туындыларының бірі «Жарылыс» деп аталады. Осы картинаны Вашингтонда өткен антиядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ экс-президенті Барак Обамаға сыйға тартқан еді. Кәріпбек Күйіковтің өзі халықаралық антиядролық қозғалыстың белсенді мүшесі, «Атом» жобасының құрметті елшісі екенін айта кетейік. Бұған дейін қазақ суретшісінің көрмелері Хиросима мен Нагасакиде, Нью-Йоркте, «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім бар» деген атпен Ослода және Германия, Түркия, Аустрия, Нидерланд елдерінде өткен. Оның өнерін БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар өте жоғары бағалады. Сондай-ақ Күйіков ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігері үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды.
Еске салсақ, былтыр карантин уақытында «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының иегері, қос қолсыз қылқалам шебері атанған Кәріпбек Күйіковтің «42 500» туындысы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген еді. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен картина тарихын автор былай деп түсіндірді: «Менің аузыммен тістеп шелекпен су тасығаным есімде. Анам таңертең тұрып, маған қарайтын. Сол көзқарас қатты жаныма бататын. Басқа да аналар секілді сиырларды шығар, аттақырды тазала, ананы істе деп айтқысы келеді. Бірақ олай айта алмайды. Амалсыз өзі істеуге тура келеді. Бұл картинада тауларды, Егіндібұлақтың көркем табиғатын көрсеткім келді. Біздің тура осындай сиырымыз бар-тын. Сиырды өріске айдайтынмын. Сол кездегі естеліктер қолыма қылқалам алуға итермеледі. Бұл – мен үшін өте ыстық сурет», деді К.Күйіков. Қасиетті өңір Қарқаралының көркем табиғатын бейнелеген картинаға қызығушылардың қатары көп болды. Туындысын 42 500 теңгеге бағалаған суретші еңбегінің ел арасында үлкен сұранысқа ие болғанына ерекше қуанды. «Менің отбасым жоқ. Жүректен шыққан туындыларым – менің балам секілді. Мен өмірден өтсем, соңымнан қалатын мұра осылар», дейді қылқалам шебері.
Оның суреттері – жан дүниесінің, көңіл күйінің көрінісі. Қиналған сәтте салған картиналары түнерген аспандай қараңғы болып шығады. Ал полигон құрбандарына арналған суреттерінде қасірет пен күйініш басым. Кәріпбек Күйіков бір сұхбатында: «Мен өмірге тістей қатып жабысқан адаммын», дейді. Оның түрлі тағдыр тоғысқан тіршілікке құштарлығы һәм өнерге деген нәзік сезімі – бәрі-бәрі өзінің осы бір ауыз сөзіне сыйып тұрғандай.
13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:55
СҚО-да балық аулау тәртібін бұзғандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 18:10
ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:28
Алматыда 36 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:40
Техас штатында атыс болып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:55
3 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:15
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар