Аталған білім ордасының 4-курс студенті «Шеврон» компаниясы мен Назарбаев Университеті ұйымдастырған университеттер аумағын абаттандыру байқауында 700 мың теңге мөлшеріндегі грантты жеңіп алған болатын.
Болашақ эколог Алина Чумышева грант қаражатын «Біздің орын» деп аталған жобаға салды. Емен, шетен, шырша және жабайы жүзім сынды жасыл желекке малынған жайлы демалыс аумағында ағаштан жасалған жаппа, жаяу жүргіншілерге арналған тас төсемдер бар.
Университет басшылығы болса, Алинаның ғылыми тұрғыдағы қызығушылығының арқасында енді студенттер мен оқытушылардың сабақтар, ғылыми зерттеулер мен демалыс уақытын өткізуге арналған тағы бір жайлы да өте қажетті алаңның пайда болғанын мақтанышпен айтады.
Қарағанды облысы