Қоғам • 27 Тамыз, 2021

БҒМ Жамбыл облысындағы жағдай туралы мәлімдеме жасады

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысындағы жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

БҒМ Жамбыл облысындағы жағдай туралы мәлімдеме жасады

 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облысы, Байзақ ауданында зардап шеккендер арасында балалар жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жақын маңдағы елді мекендерден Тараз қаласына, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Кеңес ауылдарына 83 баланы эвакуациялады.

«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша түнде оқиға орнына Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н.Иманғалиев барды. Эвакуацияланған балаларға қажетті жағдайлар жасалды, олар ыстық тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді», деп жазылған мәлімдемеде.

Эвакуацияланған балаларға қолдау көрсету үшін ҚР БҒМ ата-аналарға балаларын «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберу ұсынылды.

«Айта кетейік, балаларға жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін ҚР БҒМ шұғыл түрде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желілердің жұмысын ұйымдастырды. Ол үшін  «Bala gorqau» телеграмм-чатына немесе 87025642168, 87012100238, 87172742528 нөмірлеріне хабарласуға болады», деп жазады ведомство.