23 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №400-ө-м

324 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 27 тамыз Астана қаласы

«Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрінің 2009 жылғы  3 наурыздағы № 74-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 27 тамыз Астана қаласы

«Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрінің 2009 жылғы  3 наурыздағы № 74-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне  сәйкес бұйырамын:
1. «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5614 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырда «Заң газетінің» № 69 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өндірістік жазатайым оқиға туралы актінің нысанында:
өндірістік жазатайым оқиға туралы актіні толықтыруға түсіндірмелерде:
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту:
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 326-бабының 4-тармағына сәйкес әрбір жазатайым оқиғаны тергеп - тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі- мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі.
Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі»;
осы бұйрықпен бекітілген жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінің нысанында:
«құрамында,_________________________________________________________________
            (Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының атауы немесе Қазақстан
        Республикасы Үкіметінің шешімі)
бұйрығымен тағайындалған комиссия» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«құрамында,___________________________________________________________________
                   (Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, еңбек жөніндегі уәкілетті
            мемлекеттік органының атауы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі)
бұйрығымен тағайындалған комиссия».

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (К. Ө. Санабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың еңбек жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Қ. Егембердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр               Т. ДҮЙСЕНОВА.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 26 қвркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8742 болып енгізілді.