23 Қаңтар, 2014

Қазақстан коммунистері өлім жазасы қалпына келгенін қалайды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 01-kresloҚазақстан коммунистері өлім жазасы қалпына келгенін қалайды. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косаревтың айтуынша, ауыр қылмыстардың жолын өлім жазасы ғана кесе алады. Ал Бас прокуратура кейбір қылмыстарға қатысты жазаны жеңілдету туралы ұсыныс айтқан еді. Осыған орай, В. Косарев мынадай мәлімдеме жасады: «Бас прокуратураның ұсынысы заңды бұзғандардың жазасын тікелей жеңілдету деген сөз. Қоғам бұған қарсы. Себебі, қылмыскерлерден қорлық көретіндер де осы біздің қарапайым азаматтарымыз».

Жалпы, жақында күн тәртібінде қаралған қылмыстық заңнаманың жұмсартылуына коммунистер фракциясы қарсылық білдірді. Олардың пайымынша, заң жұмсақ болса қылмыстың саны да артады. Бірақ, бұл тұрғыдағы пікірлер қайшылығы әбден сүзгіден өткесін, бір шешім қабылданатыны анық. Сондықтан бізге нақты қорытынды жасау әлі ертерек.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Жетінші» телеарна.

Фото: Newsparky. Livejournal.com.

Соңғы жаңалықтар