23 Қаңтар, 2014

Ақмола облысында үскірік аяздан 4 адам қайтыс болды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 01-morozАқмола облысында үскірік аяз бен ұйтқи соққан боранның салдарынан 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Астрахан ауданының Заречное ауылында 62 жастағы әйел межелі жеріне жете алмай, үсіп қайтыс болды. Қазір құқық қорғау қызметкерлері оның аты-жөнін анықтауда.

Көкшетау қаласындағы вокзал маңайындағы гараждардың арасынан тағы бір адамның мәйіті табылды. Полицейлердің айтуынша, бұл азаматтың басында баспанасы жоқ көрінеді. Ал Атбасар ауданы Родионовка елді мекенінің тұрғыны көршілес елді мекендегі апасының үйіне бара жатқанында боранда адасып, үсік шалып қайтыс болды. Осы өңірде келесі бір адам далада адасып, көз жұмған.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.

Фото: Namys.kz.

Соңғы жаңалықтар