Қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Жамбыл облысына аттанып, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты.
Оның айтуы бойынша, қайғылы оқиғада ажал құшқан жандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету және ақшалай өтемақы төлеу мәселелерін шешу қолға алынды.