Сегіз атлет өнер көрсеткен сында қазақстандық спортшы 106 килоны сәтті еңсерген. Алайда екінші мүмкіндігінде 112 кило зілтемірді ырқына көндіре алмады. Соңғы мүмкіндігінде дәл сол салмақты көтергенімен, бұл нәтиже жүлдегерлер қатарына қосылуға жетпеді.
Аталған салмақта қытайлық Тань Юйцзяо топ жарды. Күміс - мысарлық Фатма Омарға, ал қола - нигериялық Олайтан Ибраимға бұйырды.
Еске салсақ, 2016 жылғы Паралимпиадада отандасымыз бұл салмақта күміс медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, Раушан 2018 жылы Джакартада өткен Пара Азия ойындарында да екінші орынға ие болған.