
Осы күндері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Ресейдің Сочи қаласында өтетін Қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасының иеленген лицензия саны қызықтырып жатқаны жасырын емес. Кешеден бері интернет сайттарда отандастарымыздың 58 жолдаманы жеңіп алғаны жарияланды. Бірақ, бұл әлі нақты дерек емес. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгін біз Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне хабарласып, Қазақстаннан Олимпиадаға баратын спортшылар туралы сұрастырғанымызда, ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытбек Хамит лицензия алған отандастарымыз туралы толық мәлімет 27 қаңтар күні берілетінін айтты. «27 қаңтар күні Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Олимпиадаға байланысты баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің барлық сұрақтарына жауап береді», деді ол.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытбек Хамит.