23 Қаңтар, 2014

Рахат Әлиев Бас прокурордың да қолтаңбасын қойып көрген көрінеді

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

23 01-PahatОсы жылы Рахат Әлиевтің үстінен қаржы саласының қызметкерлерін өлтіргені және алаяқтық жолмен қомақты қаржыны жымқырғаны үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы Mail.ru хабарлады.

Арнайы жүргізілген тексеру қорытындысына жүгінсек, Рахат Әлиев өзінің кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында жалған құжаттар әзірлеген. Тіпті Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың да қолтаңбасын қолдан жасаған. Соңғы айтылғанды АҚШ-тың сот-медициналық сараптамасының қызметкерлері дәлелдеп берді.Осылайша басына қара бұлт үйірілген Рахаттың келеңсіз істері біртіндеп ашылып жатыр. Әлемдік деңгейде аты мәлім болған бұл айыпкердің өзін ақтап алуға арналған хаттарды ұйымдастырып жазғаны жөнінде 2010 жылы ақпар тараған еді. Енді, міне, Бас прокурордың қолтаңбасын қолдан қойғаны мәлім болып отыр. Ал осының алдында Венадағы құқық қорғау қызметкерлеріне Дубайда тұратын бір азаматтан Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевке қатысты құжат келіп түскен екен. Ол бойынша «Нұрбанк» қызметкерлері қайтыс болған күні Ә. Мұсаев, Р. Әлиев пен банкир Лев Нахмановичтің өзара сөйлескені белгілі болды. Сонда Рахат Федеральді полиция мен экс-канцлер Альфред Гузенбауэрге жалған мәліметтер дайындау керектігі туралы сөз қозғаған.

Естеріңізде болса, 2008 жылдың 15 қаңтарында Р. Әлиевке «Нұрбанктің» екі қызметкері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті ұрлап әкетті деген айып тағылып, соттың сырттай шығарған шешімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Тағы осы жылдың 26 наурызында Ақмола гарнизонының әскери соты Рахат Әлиевке билікті басып алуға әрекеттенді деген айып тағып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға сырттай шешім шығарды. Алайда, алғашында Австрия асып кеткен Рахатты елге әкелуге сол жақтағы құқық қорғау қызметкерлерінің «оған елінде қысым жасалады» деген уәжі кедергі келтірді...

Дереккөз: Mail.ru.

Фото: Forbes.kz.

Соңғы жаңалықтар