«Кумарды әдейі тістеген жоқпын. Мүмкін, жеңіліп жатқанда қалайда ұтамын деген оймен автоматты түрде жасалған шығар. Дәл сол кезде тістегенімді сезген де жоқпын. Тек кілемнен түскен соң ойландым. Суреттерді көрдім. Дереу қарсыласымнан кешірім сұрадым. Әрине, күрес ережесінде қарсыласты тістеуге болмайды. Менікі ағаттық. Кілемдегі қызумен үнділік балуанды қалай тістеп алғанымды да білмей қалдым», дейді спортшы.
Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев 57 келіде сынға түсіп, жартылай финалда Рави Кумардан жеңілді. Қола медаль үшін өткен белдесуде болгариялық қарсыласынан басым түсті.