«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер темір жол әкімшіліктері басшыларының үшінші кездесуіне қатысты. Кездесу «Тәжік темір жолы» МУК төрағалығымен ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норовтың қатысуымен бейнеконференция режімінде өтті.

Кездесуде темір жол әкімшіліктерінің өкілдері пандемиялық қиын жағдайда темір жол көлігі өзінің тиімділігін көрсетіп отырғанын атап өтті. Бұл ретте коронавирус індетінің таралуынан бастап контейнерлермен жүк тасымалы көлемінің өсімі байқалады. Қатысушылар халықаралық қатынаста контейнерлік пойыздарды ұлғайту бойынша бірлескен шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Қазақстан аумағымен негізгі контейнерлік маршруттар Қытай – Еуропа, Қытай – Орталық Азия елдері, Қытай – Ресей бағыттары бойынша, сондай-ақ Қазақстан порттары арқылы Кавказ, Парсы шығанағы, Түркия және басқа елдер бағытында өтеді.
– «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан, Ресей және Беларусь БКЛК ЕРҚ бірлескен кәсіпорны табысты жұмыс істеп келе жатқан Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды дамытуға ерекше мән береді, – деді делегация басшысы, еліміздің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов. – Осы дәліз бойынша ғана тасымалдау көлемі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 65% өсті. 2021 жылдың 7 айында өсім 48%-ды құрады.
Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша тасымал өсімін қамтамасыз ету үшін арнайы тарифтік шарттар ұсынылады. Контейнерлік тасымалдар өсімі негізгі факторларының бірі кеме қозғалысының нақты кестесі бар Каспийдегі тұрақты фидерлік желі болып табылса, бұл вагондардың, контейнерлердің айналымын және жеткізу мерзімдерін оңтайландырады.
ШЫҰ елдерімен жүк тасымалының оң серпіні байқалуда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6% құрады. 2021 жылдың 7 айында ШЫҰ елдерімен жүк тасымалдау көлемі 2020 жылдың деңгейінде сақталды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық Азия, Ресей және Қытай елдерінің темір жол әкімшіліктерімен бірлесіп, жүктерді жеткізу сенімділігін және қызмет көрсету сапасын арттыру және құрлықтағы дәліздердің инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді.
Қазіргі уақытта Достық стансасында жаңа контейнерлік терминалдар салынуда. Достық стансасынан Мойынты стансасына дейін инфрақұрылымды жаңғырту басталды. Жаңа Дарбаза – Мақтаарал және Жетіген – Қазыбек бек темір жол желілерін салу жоспарлануда.
Темір жол әкімшіліктерінің өкілдері инфрақұрылымның өзара байланысын дамыту бойынша бірлескен шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен басқа елдерді байланыстыратын жаңа темір жол желілерін салу және қолданыстағы темір жол желілерін жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар