Күні кеше ғана Охлахома-Сити қаласында ескек есуден АҚШ-тың ашық чемпионаты аяқталды. Әлемнің бірқатар мемлекетінен келген сақа спортшылардың басын қосқан дүбірлі додада тұңғыш рет Қазақстанның өрені өнер көрсетті. Ол – 21 жастағы Әнуар Ақчурин.

Жарыстың алғашқы күні Әнуар Ақчурин америкалық Гэвин Росспен бірге каноэ-екілік сайысында сынға түсті. Айтулы жұп 1 000 метрлік қашықтықта мәре сызығын екінші болып қиып өтті. Келесі тәулікте каноэ-төрттік бәсекелері басталды. Бұл жолы қазақ спортшысы «Вашингтон каноэ клаб» клубының сапында өнер көрсетіп, өзінің командалық әріптестерімен бірге дәл сол межеден көрінді. Одан кейін Ақчурин жекелеген сайыста және каноэ-төрттікте (200 метр) тағы қос күміс медальді кеудесінде жарқыратты. Жарыстың соңғы күні жоғарыда есімі аталған америкалық спортшымен бірге Әнуар алтын тұғырға көтерілді. Олар каноэ-екілік жарысында алдарына жан салмады. Нәтижесінде, жерлесіміз АҚШ-тың ашық чемпионатын бір алтын және төрт күміс медальмен қорытындылап, қазақстандық жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөледі.
Алыстағы Америкада олжаға кенелген қандасымыз жайында айтар болсақ, ол 2000 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 11 жасынан бастап спорттың осы түріне мықтап ден қойды. «Бірде әкем Айсұлтан мектеп тақтайшасындағы жарнаманы көріп, мені осы спорт түрімен айналысуға үгіттеді. Әкемнің ақылына құлақ асып, астанадағы «Толқын» спорт кешеніне келдім. Ол жақтағы жаттықтырушылар менен «Қайсысын таңдайсың: академиялық есуді ме, әлде каноэ мен байдарканы ма?» деп сұрады. Қапелімде не деп жауап берерімді білмей, қатты сасып қалдым. Бағыма орай, сол кезде жанымызға білікті бапкерлердің бірі келе қалды. Ол мені қолымнан жетектеді де, өзі жетекшілік ететін үйірмеге алып барды. Осылайша, мен каноэ есудің қыр-сырына қаныға бастадым», деп Әнуар өзінің үлкен спорттағы алғашқы қадамы жайында әңгімелеп берген еді.
Уақыт оза жас өрен өзінің табандылығы мен ерен еңбегінің арқасында біраз белестерді бағындырды. Атап айтсақ, 2016 жылы жасөспірімдер арасында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Азия кубогында бас жүлдені олжалады. 2017 жылғы Шанхайдағы Азия чемпионатында төртінші орынға табан тіреді. 2008 жылы каноэ-бірлікке (С-1) әбден машықтанған қазақтың ұлы ел біріншілігінде алдына жан салмай, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Словакияның Питешти қаласында өткен регатада ол өзінің оң жамбасына келетін жаттығуда алтын алса, 500 метрлік сайыста күміспен күптелді. Жастардың Самарқандтағы Азия біріншілігінде екі рет дара шығып, Болгарияның Пловдивінде жалауы желбіреген әлем біріншілігінде күміс медальді мойнына ілді.
Осыдан біраз уақыт бұрын халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған қандасымыз ескек есуде елеулі табыстырға қол жеткізумен қатар, білімге де мықтап деп қойып отыр. 2018 жылы ол Назарбаев Зияткерлік мектебін ойдағыдай тәмамдады. Одан кейін білімін жетілдіру мақсатында мұхиттың арғы бетіне аттанды. Бұл күндері Әнуар Ақчурин АҚШ-тың Мельбурн қаласында орналасқан Florida Institute of Technology деп аталатын іргелі оқу орнының 4-курс студенті.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар