Рыбакина Белоруссия өкілі Александра Сосновичті 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Жекпе-жектің 1 сағат 17 минутында WTA рейтингінің 20-шы нөмірі, 22 жастағы Елена 10 эйс пен үш брейк жасады.
Бұрын Елена Рыбакина әлемдік жіктеуде 90-шы орынды иеленген 27 жастағы Александрамен кездесу өткізбеген болатын.
Айта кетсек, Рыбакинаның турнирдегі келесі қарсыласы британдық Хэрриет Дартты 6:7(6), 6:4, 6:2 есебімен жеңген француз Каролин Гарсия болмақ.