
2021 жылдың 26 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.
Ол өз арызында танысы үй және автокөлік алып келіп беремін деп, алаяқтық жолмен 2 миллион теңге ақшасын иемденіп кетіп, осы күнге дейін уәдесін орындамай, қашып жүргенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.