Оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желіде жарияланды.
Қалалық полиция бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлім етті.
«Аталған факті бойынша тергеу басталды. Қылмыстық іс Әуезов аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады департаменттен.