Қазақстан • 31 Тамыз, 2021

Қорғаныс министрі отставкаға кетті

1109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрі отставкаға кетті

Министрдің отставкаға өтініш беруіне 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймаларының біріндегі жойқын жарылыс себеп болған сыңайлы. Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 15 адам қаза тапқан. 

«Қазіргі уақытта басты мақсатым - апаттың салдарын тез арада жою. Ал сіздерді отставка мәселесі қызықтыратын болса, онда мен осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта өзім үшін шешім қабылдадым. Мен отставкаға өтініш беремін, отсавкаға жіберуін сұраймын. Ал қалғанын жоғарғы басшылық шешеді», деген болатын Нұрлан Ермекбаев бұған дейінгі сұхбатында.