Кез келген адамда көп жағдайда, парасатты жандарда кей жағдайда ақылдың алдында жүретін ашу-ызаның адам өміріндегі мәні өте зор. Ашу-ызамен адам тау қопарып, тасты теседі деп әсірелемей-ақ қояйық, бірақ қоғамның атмосферасына елеулі түрде әсер етеді. Әсіресе, көптің ашуы, сұп-суық ызалы сөздердің нөсері бағытталған кісісін бір жақты етері анық.

Немістің Шопенгауэр есімді атақты философының айтуынша, адам іс-әрекеттерінің үш басты себебі болатынға ұқсайды. Соның ең басында ашу-ыза тұр. Екінші – эгоизм, үшінші – жанашырлық. Ашу-ызаның екпіні эгоизмнен де, жанашырлықтан да басым болатынын қоғамның денін көргені мен естігенін ғана қаперге алатындардың құрайтынымен түсіндіруге болады. Әйтсе де түбіне түсіп ойласаң, адам бойындағы аяушылық сезімін басып-жаныштап өлтіретін ашу-ызаның да өзіндік себептері көп. Оны екі үлкен категорияда қарастыруға болады. Алғашқысы – әлеуметтік себеп. Әлеуметтік теңсіздік адамдарды ашуға булықтырып, қоғамды ашу-ыза буады. Әлеуметтанушылар мен философтар бұл туралы көп еңбектер жазған. Екіншісі – психологиялық себеп. Бұл себептің астарын жазушылардан көп қаузаған халық жоқ. Сондай қаламгердің бірі – аргентиналық Хорхе Луис Борхес. Әр сөйлемінде құпия бір мәтіндер жасырынып жататын Борхестің шығармалары оқырманда ашу-ыза, кек, үрей, басқа да өзіңе беймәлім жұмбақ сезімдер туғызады.
Борхестің «Ерекше бәсеке», «Қаскүнем әйел», «Тірі өлік» шығармаларындағы кейіпкерлердің ашу-ызасын қоздырған нәрсе – бәсекелестік. Бәсекелестіктің ашу-ызаны қоздыратынын, оның соңы кісі өлімімен аяқталатынын жазушы жақсы көрсете алған. Бұл шығармаларды оқыған кез келген оқырман Аргентина қоғамындағы сол кездегі ахуалды терең білмесе де, жазушы қолтаңбасы арқылы сол қоғамның дертін түсіне алады. Бәсекелестіктің екі ағайындының, басшы мен қосшының, екі гаучоның (аралас некеден құралған әлеуметтік-этностық топ) арасында туындағанына қарап бәсекелестіктің де табиғатын танисың.
Мысалы, «Ерекше бәсеке» шығармасындағы гаучолар Мануэль Кардосо мен Кармен Сильвейраның арасындағы бәсекелестіктің ұшқыны өгізді мүйізінен бұрап жығып жүрген күндерінде тұтануы мүмкін. Бірақ олар сол бәсекелестіктерін шарапханаларда ашық көрсетіп жүрді. Бір-бірімен айтысып, дауласып, төбелесіп жүріп олардың кеудесінде ашу-ыза сезімдері бас көтерді. Дәл осы кейіпкерлердің бәсекелестігі «оқиға соңында бірі өлуі мүмкін» деген ойға келтірсе де, оқиға басқаша бағыт алады да, аты айтып тұрғандай ерекше аяқталады. Жазушы 1870 жылы Апарасио бастаған көтерілістің екеуінің тағдырына әсер еткенін былайша баяндайды: «...Бразилиялық мулат ақыры жұрт түсінбеген сөздерін аяқтап, елмен бірге біздің батырларды да бірге ала кетеді. Оларды отбасымен қоштасуға да босатпапты. Мануэль Кардосо да, Кармен Сильвейра да мұны қалыпты жағдай деп қабылдайды. Солдат өмірі мен гаучо тірлігінің ақиқатында түк айырмасы жоқ. Ер-тоқымдарын бастарына жастай салып, айтақырға ұйықтауға олар әлдеқашан көндіккен болатын. Атан өгізді мүйізінен бұрап жығатын сарбаздарға адам өлтіру деген не тәйірі». Сонымен соғыста жеңіліп қалған олардың отряды дұшпан қолына берілуге мәжбүр болады да, дұшпандары бұларды ерекше әдіспен өлтіреді. Екеуінің ежелден бәсекелес екенін естіген отряд командирі: «Екеуіңнің араз екеніңді, бір-біріңді құртуды аңсап жүргендеріңді мен естідім. Екеуіңнің де өңештеріңді қырқамыз, сосын жарыстырамыз. Қайсыңның жеңіп шығатының бір құдайдың қолында», дейді. Қысқасы, екеуінің өлімі де бәсекеге құрылып, сол бәсекеде Кардосо жеңіп шығады...
«Қаскүнем әйелдің» оқиғасы бұдан гөрі тереңірек. Екі ағайынды жігіттің бір әйелді ұнатып, ақыр соңында олардың әйелді өлтіруін неге жазушы ақтап алды? Әйел – ағайындылардың бәсекесіне, бір-біріне ашу-ызасына бірден-бір себепкер. Әйел – қаскүнем. Неге? Эстетикалық тұрғыдан қарастырсаң, жеке адамның өзінің құмарлығы үшін өмір сүруі, ештеңеге жауапты болмауы қалыпты нәрсе. Сол сияқты жеке басында таңдау құқы жоқ, қолдан қолға өтіп жүрген жезөкше әйелдің екі жігітті бірдей өзіне құмар етуі жазаға лайықты болса да, меніңше «қаскүнем» деп айыптауға болмайды. Бірақ жазушы мәселеге моральдық-этикалық тұрғыдан қарап отыр. Құмарлық атаулы эгоизммен туыс болғандықтан, онда жанашырлыққа орын жоқ. Әйел жігіттерді аямады. Сол үшін жазушы бауырлық сезімдерді сақтап қалуға ұмтылған жігіттердің кісі өлтіргенін айыптамайды...
Қорытындылай келе айтпағымыз – Борхес осы шығармаларында ашу-ызаның психологиялық себептеріне үңіледі, оның түп-төркінін нақты жеткізе алады.
Терезеден құламасын сәбилер...
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Адам құқығын қорғаудағы жаңа белес
Референдум-2022 • Кеше
Саяси реформалар ел көкжиегінің кеңеюіне бастайды
Референдум-2022 • Кеше
Мүгедек адамдарға қажетті жағдай жасалады
Референдум-2022 • Кеше
Бюрократияның өзегінде безбүйректік жатыр
Қазақстан • Кеше
Сайлау: Үміткерлердің уәдесі қандай?
Әлем • Кеше
Әлеуметтік желі қасіреттің ортасына айналып барады
Қоғам • Кеше
Сәбидің саулығы – ұлттың байлығы
Медицина • Кеше
Тілтанымымыздың болашағын айқындаған тұлға
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Әлем чемпионатында бас жүлдесіз қалдық
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
«Музей түні» бағдарламасымен балаларды қуантты
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады
Қазақстан • Кеше
Қазақ спортшыларының киімі ХОК мәдени мұрасына енді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
Президент • Кеше
Арнайы экономикалық аймақтардан бюджетке 170,2 млрд теңге түсті
Экономика • Кеше
Қоғамдық көлікте діни уағыз айтқан әйелге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Дағдарыстан шығынсыз шығу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Қазақстанда рейдерлік болмауы тиіс
Президент • Кеше
Бас прокуратура заңнамаға нақты түзетулер пакетін ұсынатын болды
Қазақстан • Кеше
Бизнес бойынша жер телімін беру жеңілдетіледі
Қазақстан • Кеше
Мәулен Әшімбаев БАӘ елшісіне көңіл айтты
Қазақстан • Кеше
Ыстанбұлда ортақ оқулықтар таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент Бас прокуратураға алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Кеше
Алматыда Қалқаман станциясының құрылысы басталды
Аймақтар • Кеше
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар