Елорда • 01 Қыркүйек, 2021

Елордада бір көше жартылай жабылады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Пушкин көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада бір көше жартылай жабылады

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1-8 қыркүйек аралығында Пушкин көшесінің Әл-Фараби даңғылынан №69 көшеге дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп жазылған көлік басқармасының хабарламасында.