«АлЭС» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Алматының бірнеше тұрғын алабы ыстық судан уақытша ажыратылады.
«Сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін ыстық су «Айнабұлақ» және «Дорожник» шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, сондай-ақ көшелер контурына түспейтін болады», делінген хабарламада.
Мамандардың ақпараты бойынша, ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру құбырларды жылу тасымалдағышпен толтыру шамасына қарай кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.