«Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын.
Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс.
Жалпы, Токио олимпиадасының қорытындысына байланысты спорттағы ахуалды бөлек кеңесте қарау қажеттігі туындап отыр», деді Президент.