Ғылым • 01 Қыркүйек, 2021

Мемлекет басшысы: Апелляция институтын енгізу қажет

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында грант мерзімінің үш жылмен шектелуі  іргелі ғылымды дамытуға едәуір кедергі келтіріп отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Апелляция институтын енгізу қажет

«Грант мерзімінің үш жылмен шектелуі іргелі ғылымды дамытуға едәуір кедергі келтіріп отыр. Осындай қысқа жоспарлау мерзімінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізудің өзі қиын екені анық. Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің әділдігі туралы мәселе де күн тәртібінен түспей тұр.

«Осыған орай, апелляция институтын енгізу қажет деп санаймын. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз», деп толықтырды Қ.Тоқаев.