Экономика • 01 Қыркүйек, 2021

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1 млрд 600 млн доллар бөледі

807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық валюта қорының коронавирус пандемиясы кезінде әлем елдеріне бөлетін қаражатының көлемі мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1 млрд 600 млн доллар бөледі

Орталық Азия жаңалықтар қызметінң жазуынша, Халықаралық валюта қоры ұйымға мүше елдерге бөлінетін қаражатты анықтау үшін SDR (Special Drawing Rights) бірлігін, яғни Арнайы қаражат алу құқығын қолданады. Қай ел қанша SDR алатыны ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1 миллиард 600 миллион доллар, Өзбекстанға 750 миллион доллар, Қырғызстанға 242 миллион доллар, Тәжікстанға 236 миллион доллар бөледі. Түркіменстан 325 миллион доллар алады.

Қор есебіне сәйкес, ұйымға мүше 190 ел шамамен 650 миллиард доллар алады. Қаражатты бөлу 23 тамызда күшіне енді.