Әлем • 01 Қыркүйек, 2021

Франция ауған босқындарын қабылдады

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция 2600 ауған босқынын қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Франция ауған босқындарын қабылдады

Фото: AP - Francois Mori

Олар Францияның Лион қаласының маңында орналастырылды.

«Босқындар форумы» деп аталатын қауымдастық жаңадан келген ауғандықтарға көмектеседі. 

«Біз күнделікті өмірде кездесетін қарапайым адамдардың әңгімесі көз алдымызда жазылып жатқан үлкен оқиғаға айналып бара жатқандай әсер аламыз», дейді қауымдастық директоры Жан-Франсуа Плокин.

Euronews жазуынша, босқындар мұнда тағы бір апта болады. Баспана сұрағандармен француз иммиграция қызметі айналысады. Мекеме босқындарға арнайы орталықтардан орын табуға уәде берді.