24 Қаңтар, 2014

Мемлекетке 5,9 млрд. теңге қайтарылды

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес мекемесі – «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ мемлекетке 5,9 млрд. теңгені қайтарды. Бұл қаржы – «Paragon Development» ЖШС мен «Астана-Контракт» АҚ-қа Астана және Алматы қалаларында көліктік-логистикалық орталықтар құрып, жасақтауға Қазақстанның Даму банкі тарапынан берілген ақшаның бір бөлігі.

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес мекемесі – «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ мемлекетке 5,9 млрд. теңгені қайтарды. Бұл қаржы – «Paragon Development» ЖШС мен «Астана-Контракт» АҚ-қа Астана және Алматы қалаларында көліктік-логистикалық орталықтар құрып, жасақтауға Қазақстанның Даму банкі тарапынан берілген ақшаның бір бөлігі.

2008 жылы Қазақстанның Даму банкі Алматы және Астана қалаларында көліктік-логистикалық орталықтар құруға бағытталған инвестициялық жобаны қаржыландырған болатын. Бұл жоба бойынша несие алған «Paragon Development» ЖШС, «Астана-Контракт» ЖШС, «Астана-Контракт» АҚ және «PD Logistics» ЖШС 2008-2013 жылдар аралығында толыққанды кәсіпкерлікпен айналысып, табыс тапқан. Алайда, несиені қайтаруға байланысты міндеттемелерін орындамаған.

Осыған орай, өткен жылдың тамыз айында «Бәйтерек» холдингі түйінді мә­се­лелері бар 212 млрд. теңгелік актив­тер­ді Қа­зақстан Даму банкінен алып, оны Қазақстан инвестициялық қоры­ның ықтиярына берді. Оның ішінде «Para­gon Development» ЖШС мен «Астана-Контракт» АҚ-тан 12,5 млрд. теңге болатын борышты талап ету құқығы да бар еді.

Қордың сотқа жолданған талап-шағымы қанағаттандырылды. Сөйтіп, Астана-контракт компаниялар тобының мемлекет алдындағы борышын өтеу мақсатымен оның құзырындағы Алматы көліктік-логистикалық орталығы Қазақстан инвестициялық қорының меншігіне берілді. Осылайша, мемлекетке 5,9 млрд. теңге қайтарылды. Қазақстан Даму банкінің борышкерлерінің қарызын талап ету құқы Қазақстан инвестициялық қорына берілгенін айттық. Ендігі демегіміз, атқарылған жұмыс – қор тарапынан мемлекет меншігін қайтару бағытында жасалған жұмыстардың алғашқы нәтижесі.

Меншіктің жаңа иесі көліктік-логисти­калық орталықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын толық сақтап қалуды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, Инвестициялық қор борышкердің қалған 6 қарызын қайтарып алуға арналған шараларды жалғастыра бермек.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар