Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қолға алынған «Нұра-Есіл өзендері аралығының мәдени генезисін қалыптастырудағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы» атты археологиялық барлау жұмысы аясында қызмет атқарған археологтер жақында елорда іргесінен ХVIII ғасырға тән қазақ қыстауының орнын тапты.

Нысан елорда іргесіндегі Бозоқ көлінің жағасына жақын орналасыпты. Болжам бойынша мұнда дәулетті адам өмір сүрген. Оған қазба кезінде табылған жәдігерлер мен қираған үй аумағының үлкендігі айғақ. Мамандардың айтуы бойынша, бұл қыстақ осыдан екі ғасыр бұрын салынған. Оған қазба кезінде табылған мәліметтер куә. Өйткені үй орнынан қабырғаны жылытатын пеш табылып отыр. Ол бес құдыққа бөлініп қаланған. Бұған жиектес үлкен қораның сорабы сақталған. Бұдан басқа, қылыш, тоқыма заттар, дәрі құюға арналған шыны ыдыс, көптеген керамикалық бұйым қазылып алыныпты.
Осында қазба жұмысын жүргізген археолог Серғазы Сәкеновтің пайымдауынша, жоғарыда табылған тұрмыстық заттар ХVIII ғасырға тән екені анық және мұндай қымбат дүниелерді сол кезде дәулетті адамдар қолданатын болған.
Сондай-ақ қазба кезінде табылған жануарлар сүйегіне қарағанда, мұнда негізінен жылқы мен ірі қара мал ұсталған. Тұрақтың батысы жайлау, ал шығыс бөлігі қыстау ретінде қолданылған. Сонымен қатар бұл жерден ертедегі сүттартқыш құралдың бөлшегі табылуына қарағанда, ХVIII ғасырдың өзінде қазақтар сүт пен қаймақты айырып пайдаланғаны байқалады.
«Бүгінде ХVIII-ХІХ ғасырдағы тарихымызды түгендеуге ерекше көңіл бөлінуде. Біз осы қыстауды зерттей отырып, сол кездегі халықтың кәсібін білгіміз келді. Қазірдің өзінде олардың сыртпен барыс-келіс жасағаны, осы жерде сауда ісі дамығанын анықтадық. Олар мал шаруашылығымен айналыса отырып, алынған өнімді өңдеумен де айналысқан» дейді «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми хатшысы Айнагүл Ғаниева.
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 13:04
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:45
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Бүгін, 12:18
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Бүгін, 11:53
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Бүгін, 11:29
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:55
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:07
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • Кеше
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • Кеше
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Кеше
Исламабадта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан • Кеше
Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының өкілімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан • Кеше
Президент теміржол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды
Қазақстан • Кеше
Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елімізде 500 мыңға жуық бала ұшақпен тегін ұша алады
Қоғам • Кеше
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды
Аймақтар • Кеше
TikTok-та Ақорданың ресми аккаунты пайда болды
Қоғам • Кеше
Қаржы • Кеше
Ирандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Әлем • Кеше
Өткен жылы Қазақстанға 610 мың шетелдік турист келген
Туризм • Кеше
Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ана мен бала қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар