Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда қала келбетінің стандарты енгізіледі

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қалалар келбетін қалыптастыру стандарты енгізіледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қала келбетінің стандарты енгізіледі

«Министрлік ел азаматтарының жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған аумақтарды кешенді дамытудың жаңа стандарттарын әзірлеп отыр», деді Атамқұлов Үкімет отырысында.

Стандарттарға келесілер кіреді:

  • Қала аумақтарын кешенді дамыту принциптері;
  • Қалалық аумақтарды дамыту стандарты;
  • Бос аумақтарды игеру стандарты;
  • Қалалардың келбетін қалыптастыру стандарты.

Министрдің айтуынша, барлық деңгейдегі қала құрылысы сараптамасының бірыңғай институты енгізіледі.