Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 16.45-те Екібастұз қаласының ауруханасына бала жарақатпен жатқызылған.
«Полиция 2020 жылы туған баланың әкесімен бірге Солнечный ауылында болғанын анықтады. Әкесі ұялы телефонына қарап отырған кезде ұлын көзден таса қылып алған. Бала балконға шығып, терезеден құлап кеткен», деді департаментте.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында балалар терезеден құлаған 10 оқиға тіркеліп, 2 бала қайтыс болған.