Елорда • 02 Қыркүйек, 2021

Елордада ең үлкен инклюзивті алаң ашылады

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда ауданы 1200 шаршы метрді құрайтын инклюзивті алаң ашылады. Ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға арналған бұл кеңістік осы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ең үлкен инклюзивті алаң ашылады

Жаңа алаң Ботаникалық саябақ аумағында орналасады.

«Есіл ауданында 1300-дей ерекше бала тұрады. Олардың өзге балалар секілді алаңсыз ойнап, көңіл көтеруіне, шынығуына қауіпсіз кеңістік керек. Үш жыл бұрын меценаттардың көмегімен Орталық паркте алғашқы инклюзивті алаң ашқан болатынбыз. Араға уақыт салып, Ботаникалық саябақ аумағында ерекше балаларға арналған екінші алаң салғалы жатырмыз. Бұл – қаладағы ең үлкен инклюзивті алаң болғалы тұр, оның ауданы 1200 шаршы метрге тең. Осы жылдың аяғына дейін жұмысты аяқтау үшін құрылысты жылдамдатамыз», дейді Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов.

Сондай-ақ Есіл ауданы аумағында басқа да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін Есіл өзені жағасындағы парк реконструкциядан өткізілді, «Астана Опера» театры маңына жөндеу жүргізілді, Дәрігерлер аллеясы мен емен аллеясы ашылды, Атырау көпірінің төсемі ауыстырылды. Қазіргі таңда жеті жыл бойы реконструкция жүргізілмеген Орталық парктің тақталары мен кеспе тастары ауыстырылып жатыр. Спортпен айналысатын тұрғындардың өтінішімен «Серуен» көпірі астында тротуар салынуда.

Аудандағы аулалар да жаңа кейіпке енуде. Биыл 38 аулада кешенді абаттандыру және жөндеу-қалпына келтіру жұмысы аяқталады. Одан бөлек, аудан аумағында 2 жаңа гүлзар ашылады.

«Аулаларды кешенді абаттандыру барысында теннис ойнауға арналған үстелдер, гимнастикалық алаңдар, футбол және баскетбол алаңдары, тыныш демалыс орындары, workout-зоналар, жаттығу зоналары, балалар алаңқайлары, сондай-ақ үй жануарларын қыдыртуға арналған зоналар пайда болады. Мұнымен қоса хоккей кортын да саламыз. Қыста онда балалар хоккей ойнап, ал жазда футбол алаңы ретінде пайдалана алады», дейді Есіл ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі басшысы Жарқын Айтжанов.

Айта кетсек, былтыр Есіл ауданындағы 32 аумақ абаттандырылған болатын, әсіресе тұрғын алаптарға ерекше назар аударылды. Биыл жауапсыз құрылыс иелері салған аулалар мен он жылдан аса жөндеу көрмеген алаңқайларға айрықша көңіл бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025