Қоғам • 02 Қыркүйек, 2021

Көкшетауда заңсыз берілген пәтерлер мемлекетке қайтарылды

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының прокуратурасы жиырма пәтерді мемлекетке қайтарды. Тексеру бұл баспаналар заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда заңсыз берілген пәтерлер мемлекетке қайтарылды

«Көкшетау қаласында бюджеттік мекеме қызметкері 2017 жылы мемлекеттен алған пәтерді үшінші тарапқа жалға бергені анықталды. Көкшетау прокуратурасының бақылау актісі бойынша ол адамдар пәтерді босатты және баспана көпбалалы отбасыға берілді»,  деп хабарлады облыстық прокуратура.

Ақмола облысының Астрахань ауданында 2017 жылы бюджеттік мекеме қызметкеріне мемлекеттен пәтер берілген. Алайда 2020 жылы ол адам мұра бойынша басқа баспанаға ие болған. Ол жылжымайтын мүлікті өз атына тіркеген.

«Бүгінгі күні мемлекет ұсынған баспана 11 жыл бойы кезекте тұрған жетімге берілді», делінген прокуратура хабарламасында.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекетке барлығы 20 пәтер қайтарылды. Жақын уақытта ол баспаналар ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары арасында бөлінбек.