Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, тәулік бойы жұмыс істейтін бақылау кешендері Бішкек, Ош, Токмак, Кант және Жалал-Абад қалаларында орнатылды. Ондағы камералар кісі таниды және жол ережелерінің бұзылғанын тіркейді.
Қырғызстанда «Қауіпсіз қала» жобасы 2019 жылғы ақпанда қолға алынды. Алғашқы кезеңінде Бішкек пен Шу облысына 110 бақылау камерасы орнатылды.
«Қауіпсіз қала» жобасы іске қосылғалы бері 2,4 млн жол ережесін бұзу оқиғасы тіркеліп, 1,6 млн сом айыппұл төлеген.