Әлем • 02 Қыркүйек, 2021

ЕО елдері ревакцинацияны бастайды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше Еуропа елі бір мезгілде COVID-19-ға қарсы ревакцинация бағдарламасын іске қосады, деп жазады Egemen.kz.

ЕО елдері ревакцинацияны бастайды

ДДСҰ әлемдегі вакцина теңсіздігін ескерте отырып, бай елдердің мұндай ниетін сынға алады.

«Кейбір елде толық вакцинация үшін күшейткіш дозалар енгізіліп жатыр. Ал бүкіл әлемде миллиондаған адам тіпті бірінші дозаны алмаған. Сондықтан мен ревакцинацияға кем дегенде осы айдың соңына дейін мораторий жариялауға шақырдым», деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейюс. 

Алайда Euronews жазуынша, Франция 65 жастан асқан адамдарға және денсаулығы нашар адамдарға COVID-19-ға қарсы үшінші вацина салуды бастады.