Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021

Павлодар облысында жаңа жол учаскелері пайдалануға берілді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолшылар жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын «Ленин – Ақсу – Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов қаласы» автомобиль жолының 165-195 шақырымындағы учаскесін мерзімінен бұрын пайдалануға берді. Жұмыстарды «Павлодаржолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы «Жол-Консалтинг» ЖШС техникалық қадағалауымен орындады. Жобаның авторы – «Юпитер» АО ЖШС, деп жазады Egemen.kz.

Павлодар облысында жаңа жол учаскелері пайдалануға берілді

Жол III техникалық санатқа жатады, жөндеу аясында жол жабындысы мен жер төсемі толық қалпына келтірілді. Учаскедегі қозғалыс қарқындылығы әлеуетінің ұлғаюын ескере отырып, мамандар заманауи материалдарды қолданды. Бұл жолды пайдаланудың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін 200 жол белгісі мен панно, 2000 метрден астам тосқауыл қоршаулары, 1500 дабыл бағанасы, сондай-ақ, көлденең жол белгілері орнатылып, жасанды құрылыстар орналастырылды. Халыққа жайлы жағдай жасау үшін күрделі типтегі санитарлық блоктары бар 5 автопавильон салынды. Бұдан бөлек, Май ауылының жанында тротуарлар салынып, қысқа мерзімді демалыс алаңдары тұрғызылды.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43