Әлем • 02 Қыркүйек, 2021

Табиғи апатқа байланысты өлім-жітім 5 есеге артты - БҰҰ

759 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 50 жылда ауа райының қолайсыздығына байланысты өлім-жітім бес есеге артты, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Табиғи апатқа байланысты өлім-жітім 5 есеге артты - БҰҰ

БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) есебінде 1970 жылдан 2019 жылға дейін әлемде қауіпті климаттық, метеорологиялық және гидрологиялық өзгерістерге байланысты екі миллионнан астам адам қайтыс болғаны айтылды.

ДМҰ мәліметтері бойынша, 50 жылға жуық уақыт ішінде 11 мыңнан астам табиғи апат орын алды, бұл 3,64 триллион доллардан астам шығынға әкелді. Мамандар климаттың өзгеруі барлық тіркелген өлімнің 45%-ын және барлық экономикалық шығындардың 74%-ын құрайтын төтенше ауа-райы құбылыстарының көбеюіне әкелетінін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіштің өсуі су тасқынымен - 44%, ал 17% тропикалық циклондармен байланысты. Барлық өлімнің 91%-ы дамушы елдерге тиесілі.

Осылайша, құрғақшылықтан 650 мыңға жуық, дауылдардан 577,2 мыңнан астам, су тасқындарынан шамамен 58,7 мың, жоғары температура салдарынан 55,7 мыңнан астам өлім тіркелді.

Осыған қарамастан, есеп авторлары табиғи апаттардан болатын өлім-жітім азайып келе жатқанын айтты. Егер 1970-1980 жылдары күн сайын ауа-райына байланысты орташа есеппен 170 өлім тіркелсе, 2010 жылдары бұл көрсеткіш 40-қа дейін төмендеді.

Алайда, экономикалық шығындар керісінше өсуде. 2010-2019 жылдары күнделікті материалдық шығындар орташа есеппен 383 долларды құрады, бұл 1970-1979 жылдардағы ұқсас көрсеткіштен жеті есе көп.

Жуырда АҚШ-тағы Теннесси штатында су тасқыны салдарынан кем дегенде 22 адам қайтыс болса, 50-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткен.