Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі», деп, мемлекеттік тілдің жыл сайын кеңінен қолданылып келе жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда, Қазақ ұлттық өнер университеті шығармашылық мамандарды даярлаумен қатар, білімгерлердің мемлекеттік тілді меңгеруіне де аса зор көңіл бөледі. Мысалы, «Мен қазақша сөйлеймін» атты республикалық жобасында «Драма
театр режиссері» мамандығының 3-курс студенті Светлана Тарасова жеңімпаз атанды. Жобаның ұйымдастырушылары Светлана туралы бейне-репортаж түсіріп, ғаламторға шығарды. Бұл мемлекеттік тілге деген құрмет жəне өзге жастар үшін үлгі.
Əлеуметтік-экономикалық жəне саяси мəселелерге басымдық берілген биылғы Жолдауда денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, қолжетімді əрі сапалы білім қалыптастыру, ғылымды дамыту сияқты бағыттармен қатар, мəдениет жəне өнер саласына қатысты маңызды мəселелер де сөз болды. Мəселен, Жолдауда Президент креативті индустрия саласына ерекше назар аудара отырып, Қазақстанның мəдениетін таныстыруға зор үлес қосып жатқан креативті жастарды қолдау жайлы айтып өтті. Жылдың аяғына дейін осыған байланысты ұсыныстар жасауды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жəне сарапшылар қауымдастығына ұдайы ізденісте жүретін, жаңа жанр түрлерін игеруге басымдық берген мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер сияқты мəдениет жəне өнер саласында жүрген жас əрі дарынды азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету тетіктерін қалыптастыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.
Осы ретте, университетіміз жаңа мəдениетті жəне оның дарынды өкілдерін дəріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын құрастыру жұмысына алдағы уақытта өз үлесін қосады деген сенімдемін. Сөзсіз, бүгін Қазақ ұлттық өнер университеті – мəдениет жəне өнер саласының альма-матері, креативті индустрияның локомотиві екендігін өз жетістіктерімен дəлелдеп отыр. Университетіміздің өнерлі жастары мəдениеттің əр саласы бойынша қазақстандық өнер мен мəдениетті дəріптей отыра, қазақстандық брендке айналды десек, артық болмас. Осының дəлелі ретінде, университетіміздің түлегі Димаш Құдайберген қазақ өнерін əлем сахналарынан көрсетіп жүрсе, биыл бағы жанған жарық жұлдызымыз Рухия Байдүкенова «Славян базары-2021» байқауының Гран-при иегері атанды. Сонымен қатар «Кино өнері жəне телевидение» факультетінің студент жастары мен оқытушылары Қаныш Сəтбаев туралы кинотуынды-
ның жұмысына белсене қатысуда.
«Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді əрі инклюзивті болуға тиіс. Сонымен бірге, жағымды жаңалығымыз да бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пəн олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық жəне материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн. Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызды», деді Президент. Осы орайда өз ойымды білдіргім келеді. Жас таланттарды іздестіру жəне тəрбиелеу барысында Музыкалық жəне өнер мектептерінің өрісін кеңейтіп, жұмыстарын жандандыру қажет. Əсіресе, бұл мəселеге аймақтарда көңіл бөлу керек, өйткені таланттарды тəрбиелеу үздіксіз еңбекті қажет етеді. Мысалы, біздің университет 5 сатылы үздіксіз білім береді: мектеп-колледж-университет-магистратура-докторантура.
Сондай-ақ Президентіміз биылғы Жолдауда азаматтық қызметкерлер санатына жататын мəдениет саласының қызметкерлерінің жалақысын 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ға арттыруды тапсырды. Жолдауда көтерілген бұл мəселе мəдениет жəне өнер саласының серпінді қадамы үшін маңызы зор. Бұл өз кезегінде қоғамды топтастыруда жəне ұлттық бірегейлікті нығайтуда мəдениет жəне өнер саласының рөлі мен маңыздылығын одан əрі арттыратыны сөзсіз. Қорыта айтқанда, Президент Жолдауында нақты міндеттер қойылып, оларды шешудің өзекті жолдары ұсынылды. Бұл өз кезегінде Қазақстан халқының ұлттық мүддесі мен Президентіміздің стратегиялық жоспарлары бір нүктеде түйісіп, ұштасып жатқандығын, сондай-ақ бəріміз бір мақсатқа қарай ілгерілеп келе жатқанымызды көрсетеді. Осы тұста, мен, зиялы қауым өкілі ретінде, Жолдауда қойылған міндеттер мен стратегиялық жоспарлардың орындалуы үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасауға тырысатынымызды айтқым келеді. Президентіміз айтқандай, «адамды жəне қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады». Жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы ретінде біздің міндетіміз терең білімді болу, ерінбей еңбек етіп, жоғары кəсіби деңгейдегі ұрпақты даярлап, адалдық, ұқыптылық, тиянақтылыққа тəрбиелеу. Президентіміздің Жолдауы бүгінгі күннің сын-қатерлеріне берілген лайықты жауап болатынына сенімдімін.
Айман МҰСАҚОЖАЕВА,
Қазақстан Республикасының
Еңбек Ері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор