25 Қаңтар, 2014

Давос форумы аясындағы кездесулер

274 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан басшы­сы Нұрсұлтан Назар­баев Швейцария Конфеде­ра­ция­сының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

 

24-01-04 - Д.Буркхальтер

 

 

24-01-04 - Д.Буркхальтер

Қазақстан басшы­сы Нұрсұлтан Назар­баев Швейцария Конфеде­ра­ция­сының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

24-01-07 - Ж.Баррозу

24-01-05 - Бомбордиер

24-01-06 - К.де Маржери

24-01-08 - Р.Азеведу

Келіссөздер кезінде Қазақстан Прези­денті Дүниежүзілік экономикалық фо­румның жоғары деңгейде ұйымдас­тырыл­ғанын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Қазақ­стан-Швейцария қарым-қатынасының негізгі аспектілерін және оны бұдан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.

Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дидье Буркхальтер екіжақты да, халықаралық ұйымдар аясындағы да өзара тиімді ынтымақтастықтың жоспарлы түрде нығайтылуына назар аударды.

Қазақстан Президенті Швей­цария еліміздің Еуропадағы негізгі сауда серіктесінің бірі болып табылатынын айтты. Республикамызда Algroup, Rieter және Glencore тәрізді ірі швейцариялық компаниялар жұмыс істеуде.

Тараптар Сауда-экономикалық ынты­мақтастық жөніндегі Қа­зақ­стан-Швей­ца­рия үкіметаралық комиссиясы одан әрі белсене қызмет жасауы қажеттігіне тоқталды.

Кездесу қорытындысында мемлекеттер басшылары таяу келешекте екіжақты ынты­мақтастықтың қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Еу­ро­па­лық Комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кез­десті.

Кездесуде тараптар ынты­мақтастықты нығайту перспективаларын, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстан Президенті Қазақ­стан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың дамуына Ж.Баррозудың ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

– Еуропалық Одақпен арадағы сауда көлемі – 50 млрд. доллар. Біз қазір бірқатар мәселелермен, атап айтқанда, серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісіммен жұмыс істеп жатырмыз. Мүмкіндігінше бұл құжаттарға қол қоюды жеделдеткен жөн. Біз Еуропалық Одақпен визасыз режім туралы мәселенің шешілуіне де мүдделіміз. Соны­мен қатар, қазіргі уақытта мейлінше маңызды жайт – біздің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Еуропа­лық Одақты еліміздің ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша септігін тигізуге және қол­дау­ға шақырды. Қазақстан Президенті мұның еуропалық инвесторлар үшін қосымша кепілдік болатынына, жаһандық бәсекелестік жағдайында елімізде инвестициялық және іскерлік ахуалды одан әрі жақсартуға қызмет ететініне сенімін білдірді.

Өз кезегінде Ж.М.Баррозу Еуропалық Одақ Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктесі болып саналатынын, еуропалық компаниялар біздің елмен экономикалық байланыстарын одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты ол Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік пен ынты­мақ­тастық аясын кеңейту туралы жаңа екіжақты келісім жөніндегі келіссөздердің аяқталып, таяу уақытта оған қол қойылуы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосымша серпін беретініне, Еуропалық Одақпен арадағы үнқатысудың сапалы жаңа кезеңіне құқықтық негіз қалыптастыратынына тоқталды.

Еуропалық Комиссия төрағасы Орталық Азияның экономикалық дамуындағы Қазақстанның рөліне жоғары баға бере келе, Мемлекет басшысының өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жеке үлесін де атап көрсетті.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ж.М.Баррозу Кеден одағы мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды. Мемлекет басшысы Кеден одағы аса маңызды экономикалық бірлестік бола отырып, оған қатысушылардың барлығына айтарлықтай пайда әкелетінін айтты.

Мемлекет басшысы­ Нұрсұлтан Назар­баев «Бом­бардьер» компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесті.

Кездесу барысында ком­па­нияның Қазақстандағы жұмы­сының басталуының мә­селелері қаралды. «Бомбардьер» өкіл­­дерінің қазірдің өзінде әлеуетті серік­тес­терімен бірқатар келіс­сөздер жүргізгені атап өтілді.

Қазақстан Президенті өсу үстіндегі ел экономикасының сұранысы мен көлік инфрақұ­ры­лымының даму қарқынын ескергенде, канадалық кәсіпорынның рес­публикамызда қызмет етуі үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

П.Бодуэн «Бомбардьердің» әрдайым жаңа елдегі жұмысын бастаған кезде ұзақмерзімді мақсат қоятынын мәлім етті. Ол адами капиталды дамыту және өз кәсіпорындарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік компаниялар құру жоспарлары туралы айтып берді.

Компания басшысы авиация және теміржолға арналған машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзір екендіктерін де жеткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Кристоф де Маржеримен кездесті.

Әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қазіргі қызметі және оның Солтүстік Каспий жобасы бойын­ша өнімдерді бөлу туралы келісімге қатысуының мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Кристоф де Маржери инвестиция тартудың және жаңа технологияның арқасында Қазақстанның мұнай-газ саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Тараптар Қашаған кен орнын игеруді жүзеге асыруға қатысты ахуалға да тоқ­тал­ды. Осыған байланысты «Тоталь» басшысы келісімге қатысушылар өндіруді кідіртудің себептерін жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынына сендірді.

Қазақстан Президенті адами капиталды дамытуға және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті.

Келіссөздер барысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келісімдер үдерісінің қазіргі жай-күйі қаралды.

Мемлекет басшысы еліміздің ДСҰ-ға кіруі басты сыртқы экономикалық басым­ды­ғымыздың бірі болып саналатынын атап өтті.

Р.Азеведоның пікірінше, негізгі мәселелер – ДСҰ-ға мүше елдермен келісу, Кеден одағына қатысуына байланысты Қазақстан мен Ресейдің импорттық кедендік баж салығы жөніндегі міндеттемелерін үйлестіру.

Р.Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевты ДСҰ Хатшылығы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсететініне сендірді.

-----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар