Бүгін, 3 қыркүйекте сағат 9:00-дегі жағдай бойынша 93504 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 83188-і sanaq.gov.kz сайтында, 8639 Egov порталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берсе, 1677 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Алғашқы екі күннің қорытындысымен Павлодар облысы алда келе жатыр. Аймақта 16075 адам санақтан өткен. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордалықтардың 15509-ы санақ сауалдарына жауап берген.
Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орын Маңғыстау және Атырау облыстарының еншісінде. Бұл өңірлерде сәйкесінше 1406 және 1230 адам санақтан өтіпті. Санақ парақтарындағы кейбір сауалдарға қатысты тұрғындар тарапынан сын айтылған еді. Мәселен, «Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыртқы қабырғаларының материалдарын көрсетіңіз» деген сауал не үшін қойылғаны туралы.
Айта кетерлігі, бұған қатысты 11 түрлі жауап нұсқасы қарастырылған. Бұдан бөлек сауалдардың арасында үйдің инфрақұрылыммен қамтылу деңгейін анықтауға бағытталғандары да бар. Бұл сауалдардың жауабы арқылы әр елді мекен, тұтас мемлекеттегі тұрғын үй қорының жай-күйі жан-жақты сарапталатын болады. Тағы бір талқыға түскен сұрақтардың бірі – «Сіз қанша тірі бала тудыңыз?». Сонымен қатар неліктен сұраққа әйелдер 15 жастан бастап жауап беруі керек деген пікір айтылуда. Айта кетерлігі, Халық санағы биыл 61 мемлекетте өтеді.
Ал БҰҰ жариялаған раундқа сәйкес, 2020 жылға мейілінше жақын мерзімде барлық мемлекеттерде өтпек. Мәселен біздің елде 16 жастан бастап тұрмыс құруға мүмкіндік беріледі. Өзге мемлекеттерде бұл көрсеткіш төмен болуы мүмкін. Сондықтан халықаралық деңгейде мәліметтерді біріздендіру мақсатында осы жас көрсеткіші белгіленген. Ал тірі туған балалар жөніндегі сауалға келер болсақ, бұл сауал Еуропалық статистиктер конференциясының ұсынысы бойынша қосымша көрсеткіштерді анықтау үшін қосылды. Бұдан бөлек, сауалнама қорытындысы бойынша нәрестелер өлімі көрсеткішін нақтылау жүргізілмек. Бұл жерде нақты санақ жүргізілген уақыттағы елдің демографиялық бет-бейнесі көрсетіледі. Халықаралық ұйымдардың кеңесімен қосылған сауалдардың ішінде азаматтардың денсаулық жағдайына қатыстысы да бар.
Мәселен, көру, есту, жүру және есте сақтау қабілетіне байланысты нақтылаушы сұрақтар енгізілген. Балаларға қатысты табысы туралы сұрақ қажет пе? деген сауал да көпшіліктің назарына ілікті. Бірінші кезекте атап өту керек, кәмелет жасына толмағандар үшін олардың жақындары, ата-анасы және қамқоршылары толтыра алады. Бұл жерде баланың табысы деген сұрақта «Туған -туысқандардан немесе жақындардан (солардың асырауында) басқа материалдық көмек» деген нұсқа бар.
Сондай-ақ, балаға қатысты белгіленген төлемдер бар. Ол әлеуметтік жәрдемақы алимент болуы мүмкін. Ал жұмыс істеуге рұқсат етілген жастан бастап, оның табысын көрсетуге болады. Санақтың ең алғашқы кезеңінде бір адам басқа да отбасы мүшелерін таңдай отырып, өзі толтыруына мүмкіндігі бар. Осылайша бір респондентті ғана емес, жалпы отбасының табыс көрсеткіштері бойынша да жалпылама мәлімет әзірленеді.
Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады. sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ.
Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады.
Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Астық өңдеушілер Қазақстанда бидай экспортына тыйым салуды сұрады
Экономика • Бүгін, 10:53
Министрлердің халықпен кездесу кестесі бекітілді
Үкімет • Бүгін, 10:50
Бішкекте Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 10:47
Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шымкентте түлектер отырған кортеж жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:33
Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасына қатысып жатыр
Білім • Бүгін, 10:27
Германия коронавирусқа байланысты шектеулерді жеңілдетті
Әлем • Бүгін, 10:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды
Президент • Бүгін, 10:12
Президент Рубен Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:01
Ұшақ жолаушысы Өзбекстанға 9 млн теңге алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 09:55
Елордада тағы бір ақылы тұрақ іске қосылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Ұқсас жаңалықтар