Әлем • 03 Қыркүйек, 2021

АҚШ-тағы сұрапыл дауылдан 46 адам қаза тапты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы «Ида» дауылы салдарынан 46 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.

АҚШ-тағы сұрапыл дауылдан 46 адам қаза тапты

Дауылдан қатты зардап шеккен Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында ондаған адам көз жұмды. Пенсильвания штатында да опат болғандар аз емес. Бұған дейін АҚШ-тың солтүстік-шығысында 29 адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

Сәрсенбі күні үш штаттың билігі «Ида» дауылына байланысты өз аумақтарында төтенше жағдай режимін енгізді. Бірнеше сағаттың ішінде Нью-Йоркте 15-25 cм жауын-шашын түскен. Жергілікті тұрғындарға су басу және торнадо қаупі туралы хабарлама таратылды. Бруклин мен Квинс аудандарында жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде көшелер, үйлер, метрополитен стансаларын су басқаны туралы жазды.

Нөсер жауын салдарынан үш қалалық әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды, ал қалада өтіп жатқан АҚШ-тың теннистен US Open чемпионатының бірнеше матчы кейінге шегерілді.