Батыс өңірлер белсенді фронтальді бөлімдер аймағында болады. Мұнда найзағай, бұршақ, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклонның әсерінен құрғақ және шуақты ауа-райы сақталады.
Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 17-26 градус, солтүстікте ауа температурасы түнде 4-13, күндіз 22-30 градус ыстық, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы 2-17 градус, күндіз 25-36 градус ыстық, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 14- 22, күндіз 29-38 градус ыстық болады.