Оқиға • 03 Қыркүйек, 2021

Ресейлік миллиардер қазақстандық аналар мен ауыл балаларына 100 мың доллар сыйлады

1 мин
оқу үшін

Кәсіпкер, Technonikol корпорациясының тең дәрежелі иесі Игорь Рыбаков (байлығы - Forbes нұсқасы бойынша 2 миллиард доллар) Қазақстанның қайырымдылық жобаларына 100 мың доллар берді. Бұл қаржы «Аналар үйі» мен  Iqanat білім беру қорына 50 мың доллардан берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік миллиардер қазақстандық аналар мен ауыл балаларына 100 мың доллар сыйлады

«Мен «Аналар үйі» жобасы туралы естігенде, оның қаншалықты қарапайым және тиімді екеніне таң қалдым. Балалар үйінде тәрбиеленушілерге сыйлық берудің қажеті жоқ. Керісінше олардың балалар үйіне түспеуін қадағалау керек. Ал Айдын Рахымбаев дәл осылай істейді. Менің ойымша, бұл тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының бүкіл аумағында таратылатын тамаша жоба. Мұндай жоба Ресейде де пайда болуы керек», дейді Игорь Рыбаков. 


Ол өзінің жас кезінде Қазақстандағы құрылыста жұмыс істегенін мысал еткен.  Сол жұмысы үшін 1300 рубльден астам жалақы алып отырған. «Мен ең алғаш жұмыс істеп, Қазақстанда ақша таптым, енді оны қайтарып жатырмын», дейді Игорь Рыбаков.

Игорь Рыбаков ақшаны аудару туралы шешімді қазақстандық миллионер Айдын Рахымбаевпен сұхбаты кезінде қабылдады. Forbes Kazakhstan басылымының жазуына қарағанда, Игорьге қазақстандық бизнесмендердің қайырымдылық жобалары ұнап қалған.  

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13