Президент • 03 Қыркүйек, 2021

Қазақстанға атом электр стансасы керек – Қ.Тоқаев

1565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанда АЭС салу жайына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға атом электр стансасы керек – Қ.Тоқаев

«Өз Жолдауымда Қазақстанда атом энергиясын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеуді тапсырдым. Мемлекеттің, оның ішінде азаматтар мен кәсіпкерлердің шұғыл қажеттіліктерін жеткілікті деңгейде ескеру маңызды. Менің ойымша, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бірнеше рет көтерілген.

1 қыркүйекте Президент өз Жолдауында 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшылығы орын алатынын атап өтті. Сондықтан ол үкіметке және «Самұрық-Қазына» ұлттық холдингіне бір жыл ішінде Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.